OCTAGON 37 турнирінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы файтерлер күш сынасады

OCTAGON 37 турнирінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы файтерлер күш сынасады

18 қарашада Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық OCTAGON промоушнының кезекті ивенті өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

O37 турнирінің басты жекпе-жегінде Владимир Рудак (3-1) қырғызстандық «Халк» Исламбек Бактыбек уулумен (6-2) кездеседі.

Кейінгі жекпе-жегінде ресейлік файтер қырғызстандық Акбар Бактыбек уулунан басым түссе, «Халк» ирандық Әли Асқар Кордиді сенімді түрде жеңген болатын

Алдағы кеште бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова әзірбайжандық Гюнель Амирбаковаға қарсы екінші жекпе-жек өткізеді.

Шарипова OCTAGON 33 турниріндегі аралас жекпе-жектен дебюттік кездесуінде ресейлік Карина Ондасынованы жеңген болатын.

OCTAGON 37 турнирінде жеңіл салмақтағы Гран-придің жартылай финалдары өтеді.

Мини-турнирдің басты жекпе-жегінде екі жұптың жеңімпаздары кездеседі: Ілімбек Ақылбек уулу – Сүндет Айтқұлов және Досбол Елеген – Айваз Айдынов. Олар 10 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық пен чемпиондық белбеуді сарапқа салады

Сондай-ақ, жекпе-жек кешінде қырғызстандық Нурбек Болотбеков, жеңіліп көрмеген Бакдаулет Амирбеков және ТМД елдеріне танымал өнер көрсетеді

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или