Халықаралық хоккей федерациясының президенті Қазақстанның әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігін бағалады

Халықаралық хоккей федерациясының президенті Қазақстанның әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігін бағалады

Халықаралық хоккей федерациясының (ИИХФ) президент Люк Тардиф Қазақстанға ресми сапарында Алматы мен Астана қалаларының әлем чемпионатын қабылдауға өтінім беретініне қатысты пікірін айтты.

«Сапар Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруге бел буған сәтпен тұспа-тұс келді. Ел басшылығы мұндай ауқымды халықаралық турнирді өткізуге қызығушылық пен құлшыныс танытты.

Алматы мен Астана – ИИХФ-ның үлкен қауымын қабылдауға дайын, жоғары санатты мұз кешендері бар қарқынды дамып келе жатқан қос қала.

Бізді естігеніміздің барлығы қуантты және Цюрихтегі кеңсежайыма Қазақстан хоккейінің болашағына алаңдамастан аттанамын», - деп қорытындылады Люк Тардиф.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или