Әлем футболы

Левандовски әлем чемпионатында Украина туының түстеріндегі таңғышпен өнер көрсетеді

Левандовски әлем чемпионатында Украина туының түстеріндегі таңғышпен өнер көрсетеді

Польша құрамасының капитаны Роберт Левандовски әлем чемпионатында Украина туының түстері бар таңғышта өнер көрсетеді.

Левандовскиге таңғышты Украина құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы әрі ойыншысы, 2004 жылғы «Алтын доп» иегері Андрей Шевченко сыйға тартты.

«Рахмет, Андрей. Сізбен танысқаныма қуаныштымын! Әлем чемпионатында Украина туының түстеріндегі капитандық таңғышты тағу мен үшін құрмет», - деп жазды Левандовски әлеуметтік желіде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0