Бокс

Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғауға дайын

Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғауға дайын

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) чемпиондық атағын қорғауға дайындықты бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Жәнібектің командасы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Желіде боксшының бірнеше суретін жариялап, «Біз оқу-жаттығу жиынына дайынбыз!» - деп жазды.

Айта кетейік, Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша толық әлем чемпионы мәртебесіне жақында қол жеткізді, белбеудің бұрынғы иесі америкалық Деметриус Андраде жекпе-жек өткізуден бас тартып, титулын босатты. «Қазақ стильдің» чемпиондық дәрежедегі алғашқы жекпе-жегі қараша айында өтеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0