Кукушкин, Попко, Скатов, Евсеев және Жукаев ATP рейтингіндегі орындарын жақсартты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик 44-орында қалды. Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Тимофей Скатов және Денис Евсеев орындарын жақсартты. Бейбіт Жұқаев 34-сатыға көтерілді. Ал Григорий Ломакин рейтингте төмендеді.
ATP рейтингі. 19 қыркүйектегі орындар
1 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 6740
2 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 5850
3 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 5810
4 (0). Даниил Медведев (Ресей – 5065
5 (0). Александр Зверев (Германия) – 5040
6 (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 4810
7 (0). Новак Джокович (Сербия) – 3570
8 (0). Кэмерон Норри (Ұлыбритания) – 3550
9 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 3390
10 (0). Хуберт Хуркач (Польша) – 3355
44 (0). Александр Бублик (Қазақстан) – 985
214 (+7). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 235
219 (+8). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 227
242 (+1). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 207
263 (+2). Денис Евсеев (Қазақстан) – 187
323 (+34). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 147
870 (-4). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 16
Жұптық сындағы Қазақстан көшбасшысы Андрей Голубев 50-орында қалды, ал Александр Недовесов 59-орынға түсті.
ФОТО atptour.com