Бокс

Головкин – «Канело» жекпе-жегі: Төрешілер есебі жарияланды

Головкин – «Канело» жекпе-жегі: Төрешілер есебі жарияланды

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің төрешілер хаттамасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дэйв Моретти қазақстандық боксшыға жеңісті он екі раундтың үш раундында берді (6, 8 және 12). Стив Вайсфельд Головкинді 1, 8, 10, 11 және 12 раундта, ал Дэвид Сазерленд 1, 8, 9, 11 және 12-раундта мықты деп таныды.

Осылайша үш төреші де Сауль Альварестің (116:112, 115:113, 115:113) жеңісін мойындады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0