Бокс

Головкин: «Канеломен» араздығымыз аяқталды 

Головкин: «Канеломен» араздығымыз аяқталды 

Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жекке қатысты Геннадий Головкин өз ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Неге жекпе-жек соншалықты нашар бастадым? Бұл жоғары деңгейдегі бокс. Барлығы Канелоның кім екенін біледі. Бір қателік жіберсең - сен үшін бәрі аяқталады. Екеуміздің де бетіміз тап-таза. Дайындығымыз ең жоғары деңгейде болғанын осыдан да аңғаруға болады.

Бұл жекпе-жек бірінші және екіншіден ерекшеленеді, тактикадан таймадық. Канело бүгін нашар болды (қалжың).

Тағы да айтамын, бұл менің стратегиям. Екінші бөлікте белсенді болдым. 

100 пайыз, Канеломен араздығымыз аяқталды.

Сөзсіз - мен мансабымды жалғастырамын. Жақсы жоспарларым, ұтымды ұсыныстар бар. «Канелоны» құттықтаймыз, барлық жанкүйерлерді құттықтаймыз, бізде тамаша жекпе-жек өтті. Ұмытпаңыздар: менде әлі де орта салмақтағы 3 белбеу бар. Мен ораламын. Чемпион болып қала беремін!

Мен Канеломен қол алысып, оның командасын құттықтағым келеді. Ол ұлы жауынгер»

 

«Канело» Головкинмен жекпе-жектен кейін не деді?

Әлімханұлы Головкинді қолдау үшін T-Mobile аренаға келді 

GGG - «Канело» жекпе-жегі алдында Димаш Қазақстанның әнұранын шырқады

Видео. Головкиннің рингке шыққан сәті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0