Бокс

«Канело» Головкинмен жекпе-жектен кейін рингте не деді?

«Канело» Головкинмен жекпе-жектен кейін рингте не деді?

Супер орта салмақтағы талассыз әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес үшінші жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Трилогияның қорытынды жекпе-жегі Лас-Вегаста өтіп, мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол WBC, WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша супер орта салмақтағы титулдарын сәтті қорғады. Геннадий мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

«Бұл керемет жекпе-жек болды. Мені қолдауға келгендердің барлығына алғыс айтамын. Жеңіске жету үшін барымды салып, осы текетіресте өзімнің мықты екенімді дәлелдедім.

Барлығы үшін Головкинге рахмет! Біз жанкүйерлерге үш әдемі жекпе-жек сыйладық. Рахмет досым!» - деді Альварес жекпе-жектен кейін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0