GGG - «Канело»: Шайқас тағдыры Сауль Альварестің пайдасына шешілді

GGG - «Канело»: Шайқас тағдыры Сауль Альварестің пайдасына шешілді

Қыркүйектің 17-нен 18-іне қараған түні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында бокс кеші өтті. Басты жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокс жанкүйерлері тағатсыздана күткен текетірестің бастапқы екі раунды тең аяқталды. Үшінші үшминуттықтан бастап мексикалық боксшы рингтің ортасына орналасып, басымдықты өз қолына алды. Кейбір сәтте оң қолымен Головкинге жойқын соққысын дарытып та жүрді. 

Алтыншы және жетінші раундтарда қос мықты қарқын баяулатты. Сегізінші раундта көрермендер ашық айқасқа куә болды. Головкин алға ұмтылды, соққыны жиілетті, «Канело» да қорғана жүре жерлесіміздің ашық тұсын аңдып жүрді. 

Тоғызыншы раундта рингтегі төреші алғашқы рет жекпе-жекті тоқтатты. Гена қарсыластың желкесіне қолын тигізе қалып еді, сегіз жас кіші Альварес ағасына ренжіген інідей басын шайқай қалды. Қасындағы қазы Головкинге ескерту айтты. Ал, GGG ашуға мініп, соңғы раундты өз пайдасына аяқталды. 

Оныншы үш минуттықта Саульдің шаршағаны байқалды. Головкин тың көрінді. Физикалық дайындығы жақсы екен. Екінші тынысы ашылды. Дәл соққы көбейді, ал мексикалық қолын құр сермеп жүрді. 

Мінездің мықтылығы сыналатын қос раундтың алғашқысы анық ашық айқаспен басталды. Алғашқы бір минутта қос боксшы да тактиканы ұмытып, төбелеске көшкендей көрінген. Әйткенмен, тәжірбиелі екеуі де раунд ортасына қарай сабаға түсті. Ұрымтал сәтті іздеді. 

Он екінші раундты Головкин қалай да болсын өз пайдасына шешуге тиіс болатын. «Канело» ортаңғы раундтарды өз пайдасына шешкен-тұғын. Бірақ, мексикалық мықты қарсыласын мүмкіндік бермеді. 

Нәтижесінде төрешілердің үшеуі де жеңісті Сауль Альвареске берді. Үшінші жекпе-жек мексикалықтың пайдасына аяқталды. Дегенмен, Головкин IBF, WBA Super және IBO титулдарын сақтап қалды. 

Қоса кетейік, осыған дейін қос боксшы екі рет рингте шайқасып, алғашқысы тең аяқталса, екінші жекпе-жекте «Канело» төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. 

Сондай ақ, бүгін тағы бір қазақстандық Әли Ахмедов Лас-Вегаста шаршы алаңға шығып, екі титулға ие болды. 

 

Әлімханұлы Головкинді қолдау үшін T-Mobile аренаға келді 

GGG - «Канело» жекпе-жегі алдында Димаш Қазақстанның әнұранын шырқады

Видео. Головкиннің рингке шыққан сәті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или