Бокс

Әли Ахмедов мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді

Әли Ахмедов мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) Лас-Вегаста (АҚШ) Геннадий Головкин - Сауль «Канело» Альварес 3 арасындағы бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ахмедов тәжірибелі америкалық боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) жұдырықтасты. Супер орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланып, бүкіл қашықтыққа созылды. IBF (Солтүстік Америка) және WBC Silver титулдары бәске тігілді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Ахмедовқа берді.

Осылайша, 27 жастағы Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, екі чемпиондық белбеуді жеңіп алса, Габриэль Росадо кәсіпқой рингтегі 16-шы жеңілісіне ұшырады. Росадо 2013 жылы Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жұдырықтасып, жетінші раундта нокаутқа түскен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер