Головкин - «Канело» жекпе-жегіне әлем чемпиондары болжам жасады

Головкин - «Канело» жекпе-жегіне әлем чемпиондары болжам жасады

Әлемнің экс-чемпиондары Барри Макгуиган, Уэйн Маккалох және Рауль Маркес мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) және қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) 17 қыркүйектен 18 қыркүйекке қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін үшінші жекпе-жегіне болжам жасады.

Бәрі де түрлі тәсілмен Альварестің жеңетінін болжап жатыр.

«GGG бұған дейінгі айқастарда жеңді деп есептеймін, бірақ ол 40 жасында мұндай айқаста жеңетіндей бұл ойында ұзағынан жүр. Головкин Муратаға қарсы жекпе-жекте өзін жақсы көрсетті, бірақ ол жапондық боксшының көп соққысын жіберіп алғаны білініп қалды. «Канело» мықты Биволдан жеңіліп қалса да, Головкин ол сияқты әрекет ете алмайды. Сондай-ақ, Альварес GGG-ді 76,2 келіге дейін көтерілуге мәжбүрледі. Сонымен барлық басымдық Саульде», – деп есептейді бұрынғы жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы ирландық Макгуиган.
«Олардың айқасы тағы барлық қашықтықтан өтеді. GGG соңғы айқасында жеңсе де, керемет ойын көрсете алмады. Ал «Канело» тіпті жеңіліп қалды. Менің ойымша, екеуі де қартайды. «Канелоның» Головкинді жеңетіндей күші әлі болуы керек, бірақ GGG соңына дейін айқасады. «Канело» ұпаймен жеңеді», – деп болжам жасады жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Маккалох.
«Көп адамдар ойлағаннан да жақсы айқас болады. Бірақ, жеңісті бар жан-тәнімен қалайтын «Канело» – өте қауіпті қарсылас. Ол кейінгі раундтарда жеңеді деп ойлаймын», – деп пікір білдірді бірінші орта салмақта әлем чемпионы болған мексикалық Маркес.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или