Хоккей

«Барыс» – «Авангард» екінші матчының трансляциясы

«Барыс» – «Авангард» екінші матчының трансляциясы

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» Омбының «Авангард» командасымен екінші мәрте ойнайды, деп жазады Prosports.kz.

«Барыс» – «Авангард» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:20-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Бес ойыннан кейін «Барыс» алты ұпай еншілеп, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 8-орында тұр. Ал «Авангардта» әзірге бір ғана бар, олар 10-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, «Барыс» пен «Авангард» соңғы рет 2021 жылы қазан айында кездескен, ол ойында елордалық клуб 4:1 есебімен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0