Қазақстан чемпионаты: 20-тур ойындарының тікелей трансляциясы

Қазақстан чемпионаты: 20-тур ойындарының тікелей трансляциясы

Бүгін, 15 қыркүйекте футболдан Қазақстан чемпионатының 20-туры аясында бес матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан астанасы уақытымен сағат 17:00-де «Атырау» - «Тұран» кездесуі басталады. Ойынды ҚКФЛ-ның арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Дәл осы уақытта Қарағандыда «Шахтер» ақтаулық «Каспийді» қабылдайды. Матчты «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

Елорда уақытмен 19:00-де «Ақсу» - «Ақжайық» матчы басталады. Кездесуді ҚКФЛ-ның арнасынан көруге болады.

19:00-де алматылық «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» кездеседі. Матчты «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

20-турдың соңғы ойыны «Мақтаарал» мен «Қызыл-Жар» арасында өтеді. Ойын 21:00-де басталады.

ФОТО vseprosport.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или