Сергей Кейлердің голы тамыз айынның үздігі деп танылды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы тамыз айының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
Футбол жанкүйерлерінің таңдауына өткен айда еліміздің чемпионаты және кубогы аясында соғылған 8 гол ұсынылды.
Сауаланама қорытындысы бойынша тамыз айының үздігі болып «Қайраттың» капитаны Сергей Кейлердің «Ақжайық» қақпасына бағытталған нәтижелі соққысы танылды. Бұл гол респонденттердің 37,55% көңілінен шықты.
Екінші орынға Қазақстан Кубогының бесінші турында «Ақжайық» қақпасына соғылған «Қайсардың» жас жартылай қорғаушысы Елисей Горшуновтың голы (27,2%) ие болды.
Үздік үштікті «Қызыл-Жар» командасының өкілі Жиан Мартинстің (15,2%) «Тұран» қақпасына соғылған голы қорытындылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или