Ресми: Григорий Бабаян «Астананың» бас бапкері қызметіне тағайындалды

Ресми: Григорий Бабаян «Астананың» бас бапкері қызметіне тағайындалды

«Астана» футбол клубының бас бапкері қызметіне Григорий Бабаян тағайындалды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Қазақстандық маман бұған дейін елордалық клубта 2012-2019 жылдар аралығында бас бапкердің көмекшісі және бас бапкер қызметін атқарған.

Аталған кезеңде «Астана» Қазақстанның бес дүркін чемпионы, ел Суперкубогы мен Кубогының иегері атанды, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті, сонымен қатар Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

2021/22 жылғы маусымында ол Мәскеудің ЦСКА командасында жаттықтырушылар штабының құрамында болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0