Василий Ломаченконың келесі жекпе-жегі жарияланды

Top Rank промоутерлік компаниясы 30 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін бокс кешін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде үш салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы және pound-for-pound рейтингінің мүшесі, 34 жастағы украиналық Василий Ломаченко (16-2, 11 КО) 26 жастағы америкалық Джэмейн Ортиспен (16-0-1, 8 KO) кездеседі.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде екі дүркін Олимпиада чемпионы 28 жастағы кубалық Робейси Рамирес (10-1, 6 КО) 10 раундтық жекпе-жекте екінші жеңіл салмақта (55,3 келіге дейін) бұрынғы әлем чемпионы 30 жастағы америкалық Джесси Магдаленомен (29-1, 18 КО) күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или