Теннис

Жукаев Түркиядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Жукаев Түркиядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Ыстамбұлда (Түркия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында Румыния өкілі Дан Томескуды 6-2, 7-6 есебімен сенімді жеңді.

Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы бірінші іріктеу кезеңінде үндістандық Ришаб Агарвалды 6-2, 5-7, 6-3 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0