Абат Аймбетов «Каспийге» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Астана» шабуылшысы Абат Айымбетов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының 19-туры аясында өткен «Каспийге» қарсы матч туралы пікрін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>– Қызықты әрі қиын кездесу болды, бірақ жеңіске жеткенімізге ризамын. Ең маңыздысы үш ұпай алдық.</span><br /><br /><span>Қазір мен ақырындап физикалық тұрғыда бұрынғы қалпыма келудемін, оған қоса бүгін гол салып, жеңіске жетуге өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын. Біз үшін ең бастысы әрі қарай да жеңісті жолды жалғап, чемпион болу.</span>
Айта кетейік, 10 қыркүйекте «Астана» сырт алаңда «Каспийді» 3:0 есебімен ұтты. Бұл ойында Абат Айымбетов негізгі құрамда шығып, 30-минутта есеп ашты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или