Рафинья неліктен «Челсидің» ұсынысынан бас тартқанын түсіндірді

«Барселона» вингері Рафинья Диас жазда «Челсидің» ұсынысынан неліктен бас тартқанын түсіндірді.
«Иә, мен «Челсидің» ұсынысынан бас тарттым, өйткені мен «Барселонаның» жейдесін киюді армандадым. Мен бұл команданы Роналдиньо кезеңінен, бала кезімнен бақылап келемін. Мен осы клубтың мүшесі болғым келді. Мен трансфер және тіркеу кезінде қиындықтар болуы мүмкін екенін білдім.
Бірақ мен Барселонаның жасаған күш-жігерін де білдім. Сондықтан клубқа сеніп, жағдайға бейімделуді шештім. Менің отбасым маған кішіпейілділік пен арманның материалдық құндылықтардан маңыздырақ екенін үйретті. Бұл мені бірнеше рет құтқарды», - деп келтіреді La Vanguardia футболшының сөзін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или