Александр Мокинге Мюнхенде ота жасалды

Александр Мокинге Мюнхенде ота жасалды

«Тобыл» қақпашысы тізесіне сәтті ота жасады, деп жазады Prosports.kz қостанайлық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта футболшы ота жасалған неміс ортопедиялық емханасында оңалту шараларынан өтіп жатыр.

Жақын арада Мокин Қостанайға оралады, ем-дом жұмыстары жалғасады.

«Тобыл» футбол клубының ұжымына, сондай-ақ жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды», - дейді «Дядя Саша».

Еске сала кетейік, «Тобылдың»«бірінші нөмірі» «Ордабасыға» қарсы матч кезінде ауыр жарақат алған-тын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0