Грэм Поттер «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалды

Грэм Поттер «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалды

«Челси» «Брайтонның» бас бапкері Грэм Поттермен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

47 жастағы маманмен келісімшарт 5 жылға есептелген.

Поттер «Брайтонды» 2019 жылдың мамыр айынан бастап басқарған және оның келісімшарт мерзімі 2025 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген болатын.

2022/23 маусымының 6 турынан кейін «Брайтон» 6 ойында 13 ұпаймен төртінші орында келеді.

Кеше, 7 қыркүйекте «Челси» командада 2021 жылдың қаңтарынан бері жұмыс істеп келген Томас Тухельдің отставкаға кеткенін хабарлаған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или