ҚПЛ: 20 жастағы Жұмабек айдың үздік ойыншысы атанды

ҚПЛ: 20 жастағы Жұмабек айдың үздік ойыншысы атанды

Футболдан Қазақстан чемпионатының тамыз айындағы үздік ойыншысы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Айдың үздік ойыншысын анықтау мақсатында ҚПЛ бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді

Сауалнама қорытындысы бойынша «Тараз» шабуылшысы Абылайхан Жұмабек тамыз айының үздік ойыншысы атанды. 20 жастағы шабуылшы өткен айда төрт ойынға қатысып, 6 гол соқты. Жұмабек 40 ұпай жинады.

Екінші орынды төрт кездесуде 4 гол соққан «Ақжайық» сұрмергені Тома Табатадзе иеленді. Грузия елінің легионері 35 балл жинады.

Үздік үштікті «Астананың» жартылай қорғаушысы Педро Эуженио түйіндеді.

Кім кімге дауыс берді:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или