WBC Головкин – «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазына арнайы белбеу береді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жеңімпазына қосымша чемпиондық белбеу береді, деп жазады Prosports.kz.
«Бүгін біз Оахака штатындағы Сапотек мәдениетінің ұлы суретшілері жасаған шедевр, Ягуар жауынгерінің белбеуі ретінде белгілі Сапотек белдеуін таныстырамыз. Осы арнайы жүлде 17 қыркүйекте T-Mobile Arena-да өтетін «Канело» – GGG жекпе-жегінде бәске тігіледі, – деп жазды WBC Твиттер желісінде.
Бұл белбеу осы жекпе-жек жеңімпазы, екінші орта салмақтағы абсолютты әлем чемпионына тамаша бонус болмақ.
Айта кетейік, аталған кездесу 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.
Today, we unveil the "Zapoteca Belt" also known as “Jaguar Warrior Belt”, a masterpiece created by the greatest artisans of the Zapotec culture, from the State of Oaxaca.
— World Boxing Council (@WBCBoxing) September 7, 2022
This special trophy will be contested by #CaneloGGG on Sept. 17 at the T-Mobile Arena. pic.twitter.com/xRdTeQMMBn