Айдос Ербосынұлының кезекті жекпе-жегі жайлы ақпарат шықты

Айдос Ербосынұлының кезекті жекпе-жегі жайлы ақпарат шықты

Қазақстандық Айдос Ербосынұлы WBA World чемпиондық белдігінің иегері кубалық<span class="Apple-converted-space">  </span>Давид Моррелмен жолығады. Бұл жөнінде жерлесіміз әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

<span>Айдос қазір WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингтің бірінші сатысында тұр және әлем чемпионы атануға негізгі үміткерлердің бірі саналады. Бүгінге дейін ол 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Тіпті 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал қарсыласының көрсеткіші 7 жекпе-жек, 7 жеңіс.</span>

<span>Енді екеуі қарашада өзара мықтыны анықтамақ. Жекпе-жек кеші АҚШ-та өтеді жеп жоспарланып отыр және ол 12 раундқа есептелген. Айдос ең соңғы рет өткен жылдың күзінде жұдырықтасты. Елорда төрінде гаяналық Леннокс Алленді нокаутпен жеңген болатын.</span>

<span>Одан кейін АҚШ-та мексикалық Сауль Алварес командасымен бірге шеберлік шыңдады. Тіпті Канелоға сппарринг қарсылас та болды. Алдағы кездесуде кубалық боксшының чемпиондық белдігі сарапқа салынады деген ақпарат бар.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или