Қазақстанда BRAVE CF 62 x OCTAGON 35 турнирі өтеді

30 қыркүйекте Алматыда қазақстандық аралас жекпе-жек жанкүйерлері үлкен жекпе-жек кешін тамашалай алады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Еуразиялық ММА промоушен лигасы OCTAGON мен Brave Combat Federation көрермендерді бірлескен турнирмен қуантады, ал іс-шараның өзі BRAVE CF 62 x OCTAGON 35 туының астында өтеді.
Жекпе-жек кешіне қатысушылардың есімдері жақын арада белгілі болады.
Еске салайық, 2021 жылдың тамыз айында Нұржан Ақышев, Азат Мақсұм, Асу Алмабаев, Дамир Төленов, Иляр Асханов және Василий Тахтай сынды қазақстандық жауынгерлер қатысқан OCTAGON 22 BRAVE CF 53 бірлескен турнирі өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или