Михаил Габышев: Ойынға міндеттелген тапсырмаларды орындадық

Михаил Габышев: Ойынға міндеттелген тапсырмаларды орындадық

«Астананың» қорғаушысы Михаил Габышев ойынға қорытынды жасап, сондай-ақ орталық қорғаушы ретінде ойнағаны жайлы тілге тиек етті.

– Ойын жеңіл болған жоқ, алғашқы таймда жақсы мүмкіндіктерге ие болғанымызбен гол салу қолымыздан келмеді. Көбірек шабуылдау керегін түсіндік, дегенмен қонақтардың қарымта шабуылдары жайлы да естен шығармадық.

Матч соңына таман Бруно керемет мүмкіндікке ие болды, алайда пайдалана алмады. Дей тұра, кездесу аяқталар тұста дегенімізге жеттік. Ең бастысы, ойынға міндеттелген тапсырмаларды орындап, жартылай финалға шықтық.

Ал орталық қорғаушы ретінде ойнағаныма келер болсақ, әрине, оңай емес, бірақ мен бапкердің қойған барлық талаптарын орындауға тырысамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или