«Тұран» сапына нигериялық футболшы қосылды

«Тұран» сапына нигериялық футболшы қосылды

«Тұран» футбол клубы Нигерия ойыншысы Кехинде Фатаимен келісімшартқа отырғанын хабарлайды.

Фатаидің кейінгі клубы Румынияның «Арджеші» болды. Былтыр нигериялық ойыншы 22 матчта алаңға шығып, екі гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Сондай-ақ мансабында Румынияның «Фарул», «Астру», Бельгияның «Брюгге», Чехияның «Спарта», Ресейдің «Уфа» мен Беларусьтің «Динамо» командаларында ойнаған.

2009 және 2012 аралығында Нигерияның U-20 мен U-23 құрамаларына шақырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0