Бокс

Альварес Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді

Альварес Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді

Танымал Fight Hub TV YouTube арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді мерзімінен бұрын жеңуге уәде берді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Мен бұл жекпе-жекке дайынмын. Рингке шығуды асыға күтемін. Мен әрқашан корпус бойынша жаттығамын және бар күшімді салып, бар өнерімді көрсетіп, жұмысты аяқтауға тырысамын. Басқа боксшылардың Головкинмен қалай жұдырықтасқанын көргім келмейді, өйткені бұл мүлдем бөлек. Бәріміздің стиліміз өзгеше. Маған бұл жекпе-жекте сенімді жеңіске жету өте маңызды. Жеңілістен кейін маған мықтырақ болып оралу маңызды. Мен 12-раундқа дейін жеңіске жеткім келеді. Бұл менің мақсатым», - деді мексикалық боксшы.

Еске салайық, Сауль Альварес пен Геннадий Головкин үшінші жекпе-жегін 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткізеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0