Бразилиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды. Қазақстандықтың жауабы көп күттірмеді

Бразилиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды. Қазақстандықтың жауабы көп күттірмеді

Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фалькао Твиттерде Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды:

«Енді сен нағыз чемпионсың, мен сенің белбеуіңді тартып ала аламын. Кеттік, чемпион», - деп жазды бразилиялық боксшы Top Rank промоутерлік компаниясын белгілеп.

«Егер менімен жекпе-жек өткізгің келсе, алдымен чемпион болуың керек, содан кейін сөйлесеміз. Мен атағы жоқ боксшыларға қызықпаймын. Мен сені құрметтеймін, бірақ сен бокс әлемінде аты жоқ адамсың. Чарломен, «Канеломен» жұдырықтасқым келеді!», – деп жауап берді оған Жәнібек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или