Орта салмақта Қазақстан боксшылар көш бастап тұр

Boxrec америкалық боксшы Деметриус Андраде ресми түрде суперорта салмаққа ауысқаннан кейін орта салмақтың рейтингін жаңартты.
Орта салмақ рейтингінің алғашқы ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы енді: WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО), WBO-нің толыққанды чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) және WBO International чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО).
Орта салмақтағылар тізімінде Головкин бірінші орында тұрса, Әлімханұлы – сегізінші, Нұрсұлтанов – тоғызыншы. Қазақстан орта салмақтың үздік ондығында боксшысы көп ел атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или