Геннадий Головкин: «Әй, Уорд, осы сөздеріңе жауап бере аласың ба!»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин екінші орта салмақта WBA тұжырымындағы суперчемпион Андре Уордқа көпірме әңгімелерді қойып, еркекше әрекетке көшуге кеңес берді.

Мұның алдында Уорд бұдан былай қазақстандық боксшы жайлы естігісі келмейтінін мәлімдеген болатын. Бұған себеп – Головкиннің командасы әуелі жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасап, жеме-жемге келгенде бас тартуы деген еді америкалық боксшы.

«Әй Уорд, есіңді жи! Осы айтқан сөздеріңе жауап бере аласың ба? Менің даңқымды пайдаланып, атыңды шығарғанды доғар. Ер азамат болсаң, НВО-дағы жиында не айтқаныңды мойында. «Шаршы алаңда жолығуға дайынсыңдар ма?» деп сұрақ қойғанда, «жоқ» деп жауап берген сен емес пе едің?! Көп болды, сенімен жекпе-жек өткізуге ешкімнің қызығушылық танытпай отырғаны жасырын емес. Сол себепті, саған айтайын біреудің атын пайдаланып, өзіңді жарнамалағанды доғар. Сосын, кіммен бокстасып жүргеніңе де бір қарап қой, өзіңе қарсылас ретінде Англияның төртінші-бесінші нөмірлі боксшыларын жинап алғансың. Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама! Егер мен орта салмақтағы кез келген боксшымен кездесуге дайынмын десем, сөзіме жауап беремін. Тіпті, лайықты қарсыластармен кездесу үшін 168 фунтқа көтерілуге де бармын. Ал сені желкемнің шұқыры көрсін. Сенің енді еркек ретінде де, боксшы ретінде де менің алдымда қадірің қалмады», - деп мәлімдеді Головкин.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или