Туреано Джонсон: «Головкинмен де, Коттомен де жұдырықтасуға дайынмын»

Болашағынан үміт күттіретін, богамдық, орта салмақтағы босшы Туреано Джонсон өз салмағындағы атақты боксшылардың кез келгенімен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда Туреано Джонсон WBC нұсқасы бойынша екінші, WBA нұсқасы бойынша үшінші, ал IBF және WBO нұсқалары бойынша, тиісінші 8-інші және 13-інші орында тұр. Сондай-ақ Туреано чемпиондық атаққа барар жолда соңғы төрт кездесуін жеңіспен аяқтаған.

«Мен барлық дивизиондағы орта салмақтағы чемпиондармен жұдырықтасуға дайынмын. Головкин де, Котто да лайықты қарсылас іздеп жүр ғой, маған келсінші соларды, күтіп отырмын. Мен әлемдік рейтинг бойынша жоғарғы орындамын. Сондықтан мен олармен жұдырық түйістіруге толықтай құқығым бар. Мен ол екеуінің де осал тұстарын жақсы білем, соны тиімді пайдаланатын болам. Менің ТОП-тағы боксшылармен кездесуім үшін промоутерім Гэри Шоу жұмыс істеп жатыр» деп мәлімдеген.

«Туреано Джонсон осы екі чемпионның біреуімен қолғап түйістіргісі келеді» дейді богамдық боксшының ромоутері Гэри Шоу. Чемпиондық белдіктің иегерлері GGG мен Котто қазір қарсылас іздеп жүр. Джонсон өз ойын ашық айтты. Ал мен оның екі чемпионның бірімен жекпе-жек өткізуіне бар күшімді саламын.

Алаш айнасы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или