«Соңғы минуттар синдромы». Қазақстанмен ойында Арда Туран Түркияға жеңіс сыйлады

Бүгін Алатаудың баурайында ұзақ жылдан бері Ұлттық құрама кезекті кездесуін өткізді. ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Түркия құрамалары үш ұпай үшін жан алысқан, жан беріскен ойын көрсетті.

Қазақстан құрамасы Юрий Красножан баптағали ресми түрде Оңтүстік астанамызда алғаш рет ойнауда. Алматылық жанкүйерлердің керемет қолдауын көрген Ұлттық құрама бүгін жанашырларының беттерін жерге қаратпауға тырысып бақты.

Төреші ысқырығы шалынысымен қос құрама шабуылға тап берді. Қорғаныста қарап қалмай, алдағы шабуылшыларға доп тастап, алғашқы минуттардан қарсылас қақпасынан саңылау табуға тырысты. Матчтағы бірінші соққыны Ұлан Қонысбаев жасады, алайда оның тепкен добы әлсіз шығып, қақпаның қиыс кетті. «Исламхан, Исламхан» деп кеудеге рух берген жанкүйерлер Ұлттық құраманы шабуылға шығуға жігер берді. Түріктер де қарап қалмады, Еуропаның маңдай алды футболшыларының бірі, түрік футболының жарық жұлдызы Арда Туран командасының шабуылын үйлестіруге тырысты.

12-ші минутта Исламханның ортадан асырған пасынан кейін Қонысбаев Түркия қақапашысымен жеке шығып еді, алайда Бабаджан допқа бірінші болып үлгерді. Шабуылды үдете түскен Ұлттық құрама ойыншылары тағы бір мүмкіндікті мүлт жіберді. Бірер минуттан кейін Хижниченконың тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Жанкүйерлер бір шу ете қалды. Алайда... алайда алаң жиегіндегі төреші жалаушасын көтеріп үлгерді.

Бундеслигада өнер көрсететін, айыпдобының хас шебері Чалханоглу 17-ші минутта Покатиловты бір сынап көрді. Екі минут өтісімен сол Чалханоглу біздің құрамамыздың қақпасына жойқын соққы жасады. Дегенмен, Стас Покатилов шеберлегімен тағы бір мәрте көзге түсті. 28-ші минутта Арда Туран қорғаныстағы ойыншылардың аузын айға қаратып кетті. Алайда Покатилов Туранның соққысын қайтара білді. Кезекті бұрыштама добын көтерген сәтте Топал баспен қақпаның көздеп көрді, бірақ оның ұрған добы бағанадан сәл қиыс кетті.

Бундеслигада өнер көрсететін, айыпдобының хас шебері Чалханоглу 17-ші минутта Покатиловты бір сынап көрді. Екі минут өтісімен сол Чалханоглу біздің құрамамыздың қақпасына жойқын соққы жасады. Дегенмен, Стас Покатилов шеберлегімен тағы бір мәрте көзге түсті. 28-ші минутта Арда Туран қорғаныстағы ойыншылардың аузын айға қаратып кетті. Алайда Покатилов Туранның соққысын қайтара білді. Кезекті бұрыштама добын көтерген сәтте Топал баспен қақпаның көздеп көрді, бірақ оның ұрған добы бағанадан сәл қиыс кетті.

35-ші минутында сол қапталдан басталған шабуыл нәтижелі аяқталуға жақын еді. Алайда, Шмидтгальдың пасынан кейін Шомконың жойқын соққысын Волкан Бабаджан қиындықпен қайтарды. Қарымта шабуылда Йылмаз Покатиловпен жеке дара шықты, дегенмен Стас жоғары шеберлігін көрсетті. 15 номерлі түрік футболшысының қақпа маңында жасаған соққысы бағанадан бірер сантиметр қиыс кетті. Алғашқы таймның соңында түріктер ойын жылдамдығын арттырды. Чалханоглудың соққысын біздің қақпашы қайтара білді. Бірінші тайм аяқталды – 0:0.

Екінші таймға Фатих Терим жаңа ойыншыны кіргізді: Мехмет Топалдың орнына Волкан Шен алаңға шықты. 47-ші минутта Исламханның шабуылға араласып, соққы жасағанымен, қиыс кетті. Бірер минут өтісімен айыпдобынан кейін Ұлан Қонысбаев жойқын соққы жасады. Алайда оның тепкен добы қақпаға тура бармады. Қарымта шабуылда Бурак Йылмаз мүмкіндігін пайдалана алмады.

65-шы минутта біздің қақпа маңында қауыпты сәт болған еді, алайда Стас бүгін тамаша ойын өрнегін көрсетуде. Түріктерді кезекті шабуылында алаңға тыңнан қосылған Умут Булут біздің қақпашыны біраз әбігерге салды. Бір сәтте қапталдан пас алған Умут қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Ал енді бір сәтте Арда Туранның жеке шеберлігінің арқасында Бурак Йылмаз Стас Покатиловпен жеке дара шығып, соққы жасаған еді. Алайда оның добы қақпа бағанасынан кері қайтты.

83-ші минутта түрік футболының жұлдызы Арда Туран қорғаушылардың қателігінен кейін матчтағы есепті ашты. Жеке шеберлігінің арқасында қақпаның «тоғыздығын» дәл көздеді. «Соңғы минуттар синдромы» қайта оралғаны ма? Қорытынды есеп - 0:1.

Жанкүйерлердің керемет қолдауының арқасында футболшыларымыз да жігерленіп, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Дегенменде, футбол мерекесі ойдағыдай өтті деуге болады.

ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі. А тобы.

Қазақстан – Түркия: 0:1 (0:0)

Гол: Туран 83

Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман (Тагыберген 78), Абдулин, Қонысбаев, Смақов (Бейсебеков 67), Исламхан (Көкеев 84), Шмидтгаль, Шомко, Хижниченко, Логвиненко.

Түркия: Бабаджан, Кайа (Ташдемир 75), Балта, Азиз, Чалханоглу, Генюл, Инан, Туран, Топал (Шен 46), Туфан (Булут 65), Йылмаз.

Төрешілер: Майкл Оливер Стюарт Берт Гэри Бесвик

12 маусым 2015 жыл, Алматы, Орталық стадион, 24 000 жанкүйер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или