Магомед Адиев «Урал» командасының бас бапкері болып тағайындалуы мүмкін

Магомед Адиев «Урал» командасының бас бапкері болып тағайындалуы мүмкін

«СЭ» мәліметінше, Игорь Шалимов қызметінен босатылған жағдайда Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев екатеринбургтік «Уралды» басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Адиев екатеринбургтік команданың бас бапкері лауазымына үміткерлердің бірі.

45 жастағы Адиев 2022 жылдың сәуірінен бері Қазақстан құрамасының бас бапкері болып келеді. Ресейде «Анжи», «Ахмат», «Чайка», «Легион-Динамо» және «Волга» командаларында жұмыс істеген.

Игорь Шалимов «Уралды» 2021 жылдың тамыз айынан бастап басқарып келеді. 2022/23 маусымының басында команда 53 жастағы маманның жетекшілігімен үш кездесудің барлығында жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или