Антоновтың агенті: «Владимир Газзаевтің бұл шешімі мен үшін түсініксіз»

«Ақтөбенің» украиналық шабуылшысы Алексей Антоновтың агенті Вадим Шаблий өз ойыншысының трансферге қойылғанына таң қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– «Ақтөбенің» Антоновты трансферге қоюы сізді таң қалдырды ма?

– Шын айтсам, не болып жатқанын өзім де түсініп жатқан жоқпын. Ауыр жарақаттан кейін Антонов алаңға тыңнан қосылса да гол соғатын. Сосын ешқандай себепсіз ойыншыны трансферге қойып, қосалқы командаға ауыстырды. Мен үшін бұл жайт түсініксіз. Алексей әр екі ойында бір голмен көзге түсуде. Бұл жағдайда ойыншыны қалай трансферге қоюға болады?

– Команда басшылығымен бұл туралы сөйлестіңіз бе?

– Сөйлестім. Қазіргі таңда келіссөздер жүруде.

– Демек, Антоновтың Ақтөбеде қалуы екіталай ма?

– Біз клубта қалуға дайынбыз. Өйткені, Антонов өз жұмыс адал атқаруда. Бұл мәселені команданың басшылығымен талқылаудамыз.

– Владимир Газзаев бұл жайлы не дейді?

– Білмеймін. Бірақ Антоновты трансферге қойған Владимир Газзаев. Мен тек қана клуб басшылығымен сөйлесемін. Газзаевтің бұл шешімін мен ғана емес, ойыншының өзі де түсінбей жатыр.

– Антоновқа жаңа команда іздеп жатқан жоқпыз ба?

– Бұл мәселе шешілмегенше, мен басқа командалармен келіссөз жүргізе алмаймын.

Football.ua сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или