«Астана» Еуропа чемпионатының үздік сұрмергенін қатарға қосты

«Астана» Еуропа чемпионатының үздік сұрмергенін қатарға қосты

«Астана» баскетбол клубы Валерий Лиходеймен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, шабуылшымен келісімшарт 2022/23 жылғы маусымының соңына дейін жарамды. 

Валерий мансабын «Химкиде» бастады, кейін мәскеулік ЦСКА командасына ауысты. Сондай-ақ ол ресейлік «Триумф», «Спартак», «Локомотив-Кубань», УНИКС және «Уфимец» және Нявежис» (Литва), «Орландина» (Италия), «Анвил» (Польша) командаларында өнер көрсеткен.

Ол жастар арасындағы Еупопа чемпионаты (2004), ФИБА кубогы (2006/07) және Еуропа кубогы (2012/13) сияқты халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен. Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды (2005).

Ойыншы өткен маусымда PARMA-PARI сапында ойнады, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында 14 матчқа қатысып, 192 ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или