Бокс

Головкин мен Хопкинс кездессе, кім жеңер еді?

Головкин мен Хопкинс кездессе, кім жеңер еді?

Ресейлік «Лаборатория бокса» Youtube-арнасы орта салмақ тарихындағы атақты чемпиондар — Геннадий Головкин мен америкалық Бернард Хопкинс жекпе-жек өткізсе, кім жегер еді деген сұраққа жауап іздеді, деп жазады Prosports.kz.

— Бернард Хопкинс Геннадий Головкинмен кездессе, кім жеңер еді?

— Егер Головкиннің ең үздік кезін алатын болсақ, оның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Ал екеуінің де толысқан шағын, қырықтағы Геннадий мен қыртағы Хопкинсті алсақ, Хопкинс жеңеді. Егер екеуінің де нағыз бабында жүрген кезі болса, Геннадий Головкиннің жеңіске жету мүмкіндігі мол.

Айта кетейік, бұл жай болжалды жекпе-жек. Олардың шаршы алаңда кездесуі мүмкін емес, өйткені екеуі екі дәуірдің боксшысы. Хопкинс орта салмақ дәрежесінде чемпиондық атағын ең ұзақ уақыт қорғаған боксшы саналады. 1995 жылы сәуірден 2005 жылы ақпанға дейін 21 чемпиондық жекпе-жекте жеңілген жоқ.

âbernard hopkinsâçå¾çæç´¢ç»æ 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0