Конференция лигасындағы қазақстандық клубтардың ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

Конференция лигасындағы қазақстандық клубтардың ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

<span>Қазақстандық командалардың қатысуымен өтетін UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы ойындардың қай телеарнадан көрсетілетіні анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.</span>

<span> Айта кетсек, еліміздің атынан аталған бәсекеде «Тобыл» және «Қызылжар» командалары бақ сынайды. Олардың қатысуымен өтетін ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. </span>

<span>Петропавлдық «Қызылжар» 4 тамызда сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен күш сынасады. Кездесу елорда уақытымен 22:50-де басталады. Петропавлдық клуб екінші іріктеу сатысында Хорватияның «Осиек» командасын орта жолда қалдырып кетті. </span>

<span>Одан кейін Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубымен кездеседі. Ойынның басталуы елорда уаөытымен сағат 00:50-ге белгіленген. Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын орта жолда қалдырды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или