Бокс

Деметриус Андраденің жоспары қандай?

Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын айналып өтіп, өзге қарсылас тауып қойды.

Америкалық журналист Крис Мэнникстің мәдіметінше, қазір Андраденің командасы басқа чемпионмен келіссөз өткізіп жатыр. 

"Джермалл Чарло міндетті қарсыласы Мацей Сулецкимен жекпе-жегін шегере алады. Оның командасында Дэниэл Джейкобс туралы сөзталас болған. Бірақ ол шыға алатын ең үлкен айқас @BooBooAndrade. Промоутермен ешқандай қиындық жоқ. Чарлоның айтқанындай - бәрі іске асады дегенге үміттенемін", - дейді инсайдер. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0