Бокс

Әли Ахмедов GGG - Канело андеркардында титулдық жекпе-жек өткізеді

Әли Ахмедов GGG - Канело андеркардында титулдық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) 17 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің андеркардында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы алматылық 2013 жылдың қаңтарында орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Геннадий Головкиннің қарсыласы болған америкалық Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) Солтүстік Американың WBA және IBО нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы титулы үшін жұдырықтасады.

Аталмыш жекпе-жекте Головкин жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Росадо бұған дейінгі екі жекпе-жегінде жеңілген.  2021 жылдың 13 қарашасында ол Хайме Мунгуиадан жеңілді.

Содан кейін ол екінші орта дивизионға көтеріліп, көпшіліктің шешімімен WBO Continental Americas титулы үшін айқаста америкалық Шейн Мослиден жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0