Конференция лигасы: «Тобыл» үшінші іріктеу кезеңінде кіммен кездеседі

«Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде гибралтарлық «Линкольн Ред Импсті» қос ойынның қорытынлысы бойынша 3:0 есебімен жеңіп келесі кезеңге өтті, деп жазады Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің үшінші айналымында «Тобыл» «Тирана» (Албания) / «Зриньски» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы ойында босниялық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, «Тобыл» үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін 4 тамыз сырт алаңда, қарымта матчты 11 тамызда өз алаңында өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или