«Астананың» бұрынғы қорғаушысы түркиялық клубқа ауысты

Сербиялық қорғаушы Урош Радакович Түркияның «Анкарагюджю» командасына ауысты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Клуб өткен маусымды Түркия Бірінші лигасында бірінші орынға ие болып, Суперлигаға жолдама алды.
«Анкарагюджю» сербиялық ойыншымен бірге «Реал Мадрид», «Бетис» және «ПСЖ» командаларында өнер көрсеткен 29 жастағы испаниялық Хесені қатарға қосты.
Айта кетейік, Радакович «Астана» сапында 20/21 жылғы маусымда өнер көрсетті. Ол елордалық клуб жейдесінде барлық турнирде 13 кездесуге қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или