«Каспийге» хорватиялық ойыншы ауысып келді

«Каспий» хорватиялық жартылай қорғаушы Иван Пешичпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.
30 жастағы футболшы бұған дейін Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубында өнер көрсеткен.
Пешич қарағандылық «Шахтерде» де доп тепкен. 2019 жылғы маусымда ол 33 матчқа қатысып, сегіз гол соққан. Сондай-ақ 2020 жылғы маусымда ол «Қайсар» сапында екі матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или