«Хайп жасағысы келді». Тоқтар OCTAGON 33-тегі жекпе-жек алдында қарсыласын қашпауға шақырды

29 шілдеде Алматыда өтетін OCTAGON<span> </span>33 турнирінде жанкүйерлерді тартысты жекпе-жектер күтіп тұр. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы ұйым чемпионы атағы үшін Мәжит Сардаров (4-0) пен Нұрбек Тәжібаев (5-1) күш сынасады.
Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірінде танымал қазақстандық кино мен сериал актері Еркебұлан Тоқтар (4-1) өзбекстандық Одилхон Камоловпен (1-1) кездеседі.
Prosports.kz тілшісі көрермендер күткен жекпе-жек аллдында Еркебұлан Тоқтардан сұхбат алды.
– Еркебұлан, 10 маусымдағы жекпе-жектен кейін ММА-да үзіліс алғыңыз келетінін, 3-4 айдан кейін оралуды жоспарлап отырғаныңызды айттыңыз. Аралас жекпе-жек сізді соншалықты қызықтырып, жоспарларыңызды өзгертуге шешім шығардыңыз ба?
– Мен ММА-да үзіліс алып, фильмдерге түсуді жалғастырғым келді. Бірақ Одильхон жекпе-жекке шыққың келе ме, жоқ па деп сұрады. Мен бас тартамын деп ойлаған шығар, себебі жоспарларым, түсірілімдер болды. Жоқ, мен мұндай ләззаттан бас тартпаймын, сондықтан мен онымен төбелесуге дайынмын деп бірден жауап бердім.
- Промоушенде Камолов екеуіңіздің бұрыннан келе жатқан «қарым-қатынас» бар. Өзбек файтерімен жекпе-жек сізге маңызды ма?
– Иә, өте маңызды. Егер басқа қарсылас болса, жекпе-жекке шықпас едім және өз ісіммен айналыса беретін едім, себебі Одильхоннан басқа істер толып жатыр.
– Неліктен өзбекстандық файтер сізге қарсы шығуға бел буды, қалай ойлайсыз?
– Хайп жасағысы келген шығар. Абдулазизбен жекпе-жектен кейін ол бірден видео түсіріп, менімен төбелесуге ниет білдірді, бірақ оны октагонға кіргізбеді. Жігіт хайп жасағысы келді, және хайптың бір бөлігін алады деп ойлаймын.
– Камолов партерде күресуді жоспарлап отырғанын тұспалдаған. Осыған байланысты қандай қарсы шаралар қабылдауды жоспарлап отырсыз?
– Абдул-Азизге қарсы алғашқы жекпе-жектен кейін бәрі партерде нашармын деп ойлайды. Одилхонның салмағы ауыр болмай, ең болмағанда менікіндей болса, партерде күш көрсете алар еді. Камоловтың партерде менен басым түсуіне себеп көріп тұрған жоқпын, өйткені мен оны лақтырып жіберемін. Менің күресім, тейкдаундардан қорғанысым мен тұруым өте жақсы деңгейде, сондықтан партерде ештеңе істей алмайды.

– Яғни, жалпы, қарсыластың күрестегі шеберлігі сізге қиындық тудыруы мүмкін емес пе?
Ол маған ешқандай қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Мен одан ешнәрсе көрмедім – күрес те, соққы да жоқ. Оның қолынан келетіні - лоу-кик жасау.
– Камоловқа қарағанда соққыңыз мықты деп ойлайсыз ба?
– Қазіргі уақытта соққы техникасында өз басымдығымды білемін, өйткені оның өнерінен ештеңе көрмедім. Алдағы жекпе-жекте Одилхон бірдеңе көрсетсе, ойымды өзгертетін шығармын.

- Кәсіби ММА-де сіздің бір жекпе-жегіңіз де соңына дейін жеткен жоқ. Алдағы кездесу де солай бола ма?
– Бұл жекпе-жек те солай болады. Мен бұл жекпе-жекті бәрі есте сақтау үшін жылдам, әдемі әрі әсерлі аяқтауды жоспарлап отырмын.
- Торда кездесу алдында Одилхон Камоловқа не айтқыңыз келеді?
- Одилхон қашпа, егер сөз берсең, онда шығып, төбелес. Дайындықтағы жарақаттардан сақ бол және торға кір, кейін бәрін көре жатармыз.