Головикн «Канелоға» қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыз Instagram желісіндегі жеке парақшасында жаттығу барысынан фото жариялады. Головкин өзінің командасымен бірге таулы аймақтан түскен суретін көрсетті.
Геннадий Лос-Анджелестегі (Калифорния) американдық жаттықтырушы Джонатан Бэнкстің жаттығу залында дайындалып жүр.
Айта кетейік, Головкин мен екінші орта салмақтағы абсолютты әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада) өтеді.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202207/201736_accffdd748e472b0dd3791e604676059.webp" />
</picture>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или