«Атырау» «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін жанкүйерлер стадионда шу шығарды

«Атырау» «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін жанкүйерлер стадионда шу шығарды

«Атырау» футбол командасы «Ордабасымен» кездесуде ойсырай ұтылды. Осыған байланысты футбол жанкүйерлері жергілікті командаға наразылық білдірді.

«Атырау» командасы футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінде қайта-қайта жеңіліп жүр. Соңғы кездесуде – «Ордабасы» командасымен өткен матчта тағы да жеңілді. Жергілікті команданың ойсырай ұтылуы футбол жанкүйерлерінің наразылығын туғызды.

«Біз бюджеттен бөлінген қаражаттың бұлайша желге ұшқанын қаламаймыз. Жергілікті команда неге жеңіле береді? Бұлай жалғаса берсе, футбол клубы легионерлерден «тазартылғанын» талап етеміз. Легионерлердің орнына жергілікті жас футболшылар ойнасын. Олар әрине, жеңіске жету үшін барын салады. Тәжірибе жинайды. Біздің легионерлерден құралған команда емес, өз футбол клубымыз болуы керек», - деп наразылық білдірді футбол клубының жанкүйерлері.

 

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0