Де Лигт «Бавария» сапына ауысты

Де Лигт «Бавария» сапына ауысты

«Ювентустың» қорғаушысы Маттейс Де Лигт «Баварияға» ауысты. Бұл туралы мюнхендік клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы футболшымен келісім 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Футболшы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында жаңа командаға қосылу үшін АҚШ-қа барады. Бүгін футболшы медициналық тексеруден өтіп, одан кейін келісімшартқа отырды.

Де Лигт «Ювентусқа» 2019 жылы «Аякстан» ауысты. Туриндік команда сапында 117 матч өткізіп, сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или