«Таразға» қазақстандық қорғаушы қосылды

«Тараз» 25 жастағы қорғаушы Қуаныш Қалмұратовпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойыншы жамбылдық клубқа еркін агент ретінде ауысты.
Қуаныш Қалмұратов «Атырау» футболының түлегі. Ол «мұнайшылар» үшін барлығы 127 матч өткізіп, 3 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар, Қалмұратов «Астана-1964», «Қайсар» және «Тұран» командаларында жалда ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или