Бублик Ньюпорттағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында австралиялық Джейсон Кублерді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бублик қарсыласынан екі сетте басым түсті – 6:3, 6:2.
Айта кетейік, финалда қазақстандық америкалық Максим Крессиге қарсы ойнайды.