QHL басқарушы директоры: «Хумоның» оралуы екі елге де оң ықпалын тигізеді

QHL басқарушы директоры: «Хумоның» оралуы екі елге де оң ықпалын тигізеді

Қазақстан хоккей федерациясының басқарушы директоры Андрей Сачук өзбекстандық «Хумо» клубының Қазақстан чемпионатына оралуы туралы пікір білдірді.

<span>- «Хумоның» оралуы біздің чемпионатқа оң ықпал етеді. Дұрыс бәсекенің әлі ешкімге зияны тиген емес. Ташкенттен келген клуб өздерінің алғашқы маусымдарынан кейін-ақ Pro Hokei Ligasy қатысушылары қатарында қалғысы келген болатын, алайда «ковидтік» шектеулер аяққа тұсау салды.</span>

<span>Ал қазір барлығы жақсы болады және «Хумоның» оралуы екі жақтың да хоккейінің дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз.</span>

<span>Бәлкім бұл жайт ҚР чемпионатына қатыса алатын басқа да шетелдік командалардың қатысуына түрткі болатын шығар. «Хумо» тамыз айының екінші жартысына жоспарланған Қазақстан кубогіне де қатысқалы отыр, - дейді ҚХФ басқарушы директоры.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или